АКТ онкүндігі: «Векторлық бейнелерді құру»
«Сабақта АКТ-ны қолдану» атты ашық сабақтар онкүндігі аясында информатика пәнінің мұғалімі Канешова Ш.К. векторлық бейнелерді құру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мынадай бағдарламалар пайдаланылды: classroomscreen.com – виртуалды тақта, wordwall.net – ішкі топтарға бөлу, ERG DIGITAL MEKTEBI – интерактивті анимациялық мазмұнмен және виртуалды тренажерлармен дербестендірілген оқытуға арналған цифрлық платформа, canva.com – графикалық дизайн құралы.